Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган құру туралы

         Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және педагогтік әдеп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің базасында Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган құрылсын.

2. Осы бұйрықпен қоса:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының құрамы;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының жұмыс ережесі (бұдан әрі – Ереже);

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының жұмыс жоспары бекітілсін.

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының отырысының кестесі бекітілсін.

3. Педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органы өз қызметін Ережеге сәйкес әзірленген білім беру саласындағы уәкілетті органның педагогтік әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының қызметі туралы Әдістемелік ұсынымдар негізінде жүзеге асырады.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басшы                                                                          З. Махсутова

 

Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің

құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган құру туралы