Бұқаралық ақпарат құралдарының құрметті өкілдері!

   Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелеріне, біздің Департаменттің осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысына қысқаша тоқталғым келеді.

Департамент Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің аумақтық органы бола отырып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты және өз құзыреті шеңберінде бақылау функцияларын ғана емес, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Қазақстанда Бала құқықтарын қорғау жөніндегі бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді: "Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды проблемаларды шешуге тиіспіз. Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, балалар арасында суицид пен буллингтің алдын алу бойынша мемлекеттік бақылауды күшейтуге тиіспіз".

Балалар– ең бастысы, біз оларды тәрбиелеуіміз, шексіз сүюіміз және оларды зұлымдық пен әділетсіздік көріністерінен қорғауымыз керек.

2021 жылғы 18 ақпанда жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларымен өткізілген кеңестің ұсынымдарын орындау үшін біз Департамент, облыстың білім беру және денсаулық сақтау басқармалары, "Экосогласие" «Халықтың денсаулығын және экологияны қорғауға жәрдемдесуі үшінШығыс Қазақстан облыстық қауымдастығы" арасында мониторингтік барып келулерді жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы сәуір айында Департаментте бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік мониторингтік топ құрылды, оған білім басқармасының, полиция департаментінің, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту және бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Өскемен және Семей қалаларының педиатрлары кіреді.

Толығырақ...

МЕМОРАНДУМ

Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының білім Басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Басқармасы,

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы,

«Экокелісім» халықтың денсаулығын және экологияны сақтауға әрекет ету Шығыс Қазақстан облыстық Қауымдастығы» ЗТБ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы

МЕМОРАНДУМЫ

 

Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының білім Басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы, «Экокелісім» халықтың денсаулығын және экологияны сақтауға әрекет ету Шығыс Қазақстан облыстық Қауымдастығы» ЗТБ бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарымен өз құзыреті және өкілеттігі шегінде келісімге қол жеткізілді және төмендегілер туралы осы Меморандумды жасасты:

            1. Меморандумның мақсаты мен мәні

            1.1. Осы Меморандумның негізгі мәні меморандумда белгіленген бағыттар бойынша ынтымақтастық тараптарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

            1.2. Осы Меморандумды орындау мақсатында Тараптар өзара ынтымақтастықтың мынадай бағыттарын айқындайды:

            1.2.1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға жылына 1 рет мониторингтік баруды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

            1.2.2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға мониторингтік барудың кестесін жасақтау;

            1.2.3. Болу кезінде білім алу, тамақтану, демалу, сауықтыру, бос уақыт, Денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуді зерделеу, сондай-ақ көзбен қарап-тексеру, әңгімелесу, ақпарат сұрау арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұру және тәрбиелену жай-күйін зерделеу;

            1.2.4.Бару кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерімен сауалнама жүргізу;

            1.2.5.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерімен бірлескен іс-шараларды аралау кезінде ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастыру және өткізу;

            1.2.6. Тараптар өзара келіскен, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ынтымақтастықтың кез келген басқа да бағыттары.

2. Ынтымақтастық нысандары

            2.1. Консультациялық көмек көрсету;

            2.2. Әріптестік, теңдік және өзара мүдде қағидаттары бойынша ынтымақтастықтың өзге де нысандары.

3. Ынтымақтастықты ұйымдастыру

3.1. Осы Меморандумды орындау бойынша өзара іс-қимылды үйлестіру үшін Тараптар өкілдерінің ішінен байланысатын адамды тағайындай алады.

3.2. Тараптар жылына кемінде бір рет осы меморандумның орындалуын талқылау, қажет болған жағдайда оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Тараптар өкілдерінің кездесулерін өткізуге келісті.

3.4. Тараптар осы меморандум бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауда бір-біріне барынша жәрдем көрсетуге ұмтылатын болады.

3.5. Тараптар келісті:

3.6. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға мониторингтік баруды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

3.7. Осы Меморандумның мәніне қатысты кез келген құпия ақпараттың жария болуын (толық немесе ішінара) болдырмау жөнінде шаралар қабылдау.

3.8. Осы Меморандумның ережелері Тараптардың осы Меморандумда санамаланған бағыттар бойынша жұмыстар мен зерттеулерді өз бетінше орындау, жобаларды іске асыру жөніндегі құқықтарына қысым жасау ретінде қаралмайды.

4. Келіспеушіліктерді шешу

4.1.Осы Меморандумның ережелерін орындауға байланысты туындайтын Тараптар арасындағы келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілуге тиіс.

5. Қорытынды ережелер

5.1. Осы меморандум Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзім ішінде қолданылады.

5.2.Меморандум Тараптардың өзара келісімімен өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Осы Меморандумға толықтырулар мен өзгерістер жазбаша нысанда (екі данада) жасалады және оған тараптар қол қояды.

5.3. Осы Меморандум Тараптардың бірінің бастамасы бойынша, Меморандумның болжамды бұзылу күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен бұзылуы мүмкін.

5.4. Меморандумның қолданылуын тоқтату оны іске асыру мақсатында Тараптар жасасқан шарттарды (келісімдерді) бұзу үшін негіз болып табылмайды.

5.5. Меморандум Өскемен қаласында 2021 жылғы ақпанда мемлекеттік және орыс тілдерінде 5 данада жасалды.

 

Тараптардың Қолдары:

Шығыс Қазақстан облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы

________________З.Махсутова

Шығыс Қазақстан облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары

________________Ж.Камбетов

Шығыс Қазақстан облысы білім Басқармасының басшысы

________________С.Жумадилова

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Басқармасының басшысы

_________________Ж.Жумаханов

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының басшысы

_________________Ж.Сарсебаев

«Экокелісім» халықтың денсаулығын және экологияны сақтауға әрекет ету Шығыс Қазақстан облыстық Қауымдастығы» ЗТБ президенті

_____________     Т.Чернышова

«BALA QORGAU». «БАКЫТТЫ БАЛА»

  Балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясаттың басымды бағыты әр баланың құқықтарын қамтамасыз етуге және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

   Бүгінгі таңда Қазақстанда 45-тен астам ұлттық заңнамалық құжат бар, олар қоғамдағы баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

   Сіздер білетіндей Балалар мен ата-аналарға уақытылы көмек көрсету мәселелерінде білім беру органдары мен ұйымдары және министрлік арасындағы жедел әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау мақсатында Министрліктің Telegram мессенджерінде "BALA QORGAU" сұхбатының тәулік бойы кері байланысы бар жұмысы ұйымдастырылған.

   Ақпарат электронды және БАҚ баспа, әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Чатқа Министрліктің қызметкерлері, облыстық Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары мен мамандары, республиканың білім беру ұйымдарының басшылары қосылған. Сұхбат жұмысы – бұл мемлекеттік органдардың халықпен тұрақты жанды диалогы, онлайн режимінде құқықтық ақпарат беру.

   Чатта халықтың консультациясы жүзеге асырылады және балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мектепке, бала бақшаға қабылдау, қамқоршылық және қорғаншылық, буллинг жағдайында алдын алу және шара қолдану және педагогикалық этика нормаларын бұзу мәселелері қарастырылады.

 

 

«Қайырымдылық» акциясы шығысқа келді

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен баланың құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен және «Мейірімділік» қайырымдылық қорымен бірлесіп, катетерлер Spina Bifida диагнозы бар балаларға үнемі мұқтаж болып отырған еліміздің барлық аймақтарына жеткізілді.

   Катетерлер Шығыс Қазақстан облысына да жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті осы дәрі-дәрмекке мұқтаж балаларға катетерлерді жеткізді. 2020 жылғы 1-2 маусым аралығында басшының орынбасары Болат Қожанұлы Атыбай Өскемен қаласы мен Ұлан, Глубокое, Алтай аудандарындағы катетерлер алушыларға табыстады.

   Шығыс Қазақстан облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті катетерлерді Жарма ауданына және Семей қаласына жеткізу жұмысын жалғастыруда. Ата-аналар көрсетілген көмек үшін меценттарға алғысын айтып, ризашылық білдірді.