ДЕПАРТАМЕНТКЕ 10 ЖЫЛ

Арнау

Он жыл болды қаланғалы іргеміз,

Нәтижелі осынша жыл жүрген із.

Толып жатыр атқарылған іс мынау,

Қызықта да қиындықта біргеміз.

Құттықтаймын бас ие бәріңізді,

Талай белес күтіп тұр алда бізді.

Отанға адал еңбек еткен білгір жандар,

Мерейтойға арнайық әнімізді.

Департамент – білгірлердің ордасы,

Департамент – білім, сапа айнасы.

Барша еңбек еленіп жасалынған,

Сәттілік пен төзім болсын жолдасы.

 

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б.А.Раимбекова