Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары

   Білім беру ұйымдарында ішкі және сыртқы бақылауға арналған бейнекамералар орнату заман талабына айналды. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін – бұл қол жетімді шара, қажет болған жағдайда жарақат пен зорлық-зомбылыққа байланысты әр түрлі фактілердің шынайылығын анықтауға, сондай-ақ ұсақ бұзақылық пен ұрлыққтың алдын алуға мүмкіндік береді. Көбінесе, ата-аналардың өздері бейнебақылау орнату туралы бастама көтереді, өйткені олар бұл шараны балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралы деп санайды.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 44-тармағына сәйкес (3-қосымша) ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін білім беру ұйымының ғимараты мен оның аумағындағы алаңдарды бақылау үшін бейнебақылау камералары болуы керек.

   Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ТжКБ оқу орындарының оқу ғимараттарында бейнебақылаудың болуына мониторинг жүргізді.

Ғимарат Корпустар саны Сыртқы Ішкі Ішкі және сыртқы Болмауы
1 Негізгі корпус 83 2 2 74 5
2 Оқу корпусы 30 3 3 17 7
3 Шеберхана 25 8 2 9 6

 

2 колледждің ғимаратында бейнекамералар тек негізгі ғимарат ішінде орнатылған, 74 колледждерде ішкі және сыртқы бейнекамералар, 2 колледжде сырқы бақылау камералары бар. 3 колледжде бейнебақылау камералары жоқ: «Семей қаласының «Еуразиялық көпсалалы колледжі» ЖШС, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жоғарғы колледжі, «№1 Өскемен колледжі» КММ. 7 колледждердің қосымша оқу корпустары ғимараттарында, 5 колледждің шеберханаларында бейнекамералар орнатылмаған: «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Алтай аудананң ауылшаруашылық колледжі» КММ, «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК, «Тарбағатай колледжі» КММ, «Үржар колледжі» КММ. Бейнебақылау функцияларына тек қауіпті жағдайлардан қорғану ғана емес, сонымен қатар колледж қызметкерлерін, келушілерін, шеберханаларды, кез-келген бөлме мен оның аумағындағы алаңды бақылау жатады. Осылайша, бейнебақылау жүйесі төмендегіні қамтамасыз етеді: • Күзетілетін объектідегі жағдайды визуалды бақылау – бақылау бекетіне нақты уақыт тәртібінде ақпарат беру; • Объектіде болып жатқан оқиғаларды құжаттауға мүмкіндік беретін сандық бейне тіркегіш туралы ақпаратты жазу; • Бейнекамералардың қозғалыс детекторы арқылы күзет дабылы немесе сыртқы қауіпсіздік құрылғысы арқылы фунцияларын орындау және бақыланатын аймақта дабылдың пайда болуы туралы жүйелік операторға хабарлау. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бейнебақылау жоқ колледждерде бейнебақылау камераларын жабдықтауды ұсынамыз, осылайша объектідегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.