«Абай және әлемдік өркениет»

    Шығыс Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ағымдағы жылдың 21 мамырында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті үйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияға «Zoom» платформасы арқылы алыс-жақын шетелдер мен республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам ғалымдар, оқытушылар, журналистер, магистранттар мен студенттер қатысты. Аталған іс-шарада Түркия, Нидерланд, Польша сияқты мемлекеттер мен отандық абайтану ғылымындағы белгілі ғалымдар баяндама жасады.