Өңірдегі мектеп ғимараттарының хал ахуалы қалай?

  Жалпы білім беру мектептері оқу-тәрбие беру мекемелерінің ең негізгісі болып табылады. Бұл мекемелерде балалар өмірінің 9-11 жылының күніне 4-тен 10 сағатқа дейін уақыттары өтеді. Балалардың денсаулығы, дамуы, оқу үрдісіне байланысты қызмет қабілетінің өзгеру динамикасы мектеп ғимаратының бөлмелер жиынтығының сапасына, олардың гигиеналық нормалар мен ережелеріне сәйкес болуына тікелей байланысты.

   Қазіргі уақытта Департамент өңірдегі білім беру ұйымдарында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша мектеп ғимараттарының жағдайына талдау жүргізді.

Бүгінгі күні облыстағы 646 мектеп ғимаратының 339-ы (52%) 1917-1979 жылдар аралығында қолданысқа берілген, ал 185 мектеп ғимараты 1979-1999 жылдар аралығында және 122 –сі соңғы 20 жыл ішінде салынған.

Мысалы,

Семей қаласындағы 66 білім ордасының 44 мектеп ғимаратының салынғанына 40 жылдан асқан, сыйымдылығы 400 оқушыны ғана қабылдауға жарайтын Н.Г. Чернышевский атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебінде бүгінде 844 бала білім алып жатыр. 1979 жылы салынған 940 орынды№ 15 жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратында 1240 бала отыр.

Өскемен қаласындағы (74 мектептің 37-сі қырық жылдан бұрын салынған) 1953 жылы салынған 244 орынды № 2 жалпы білім беру мектебінің ғимаратында 543 бала отыр, ал 1959 жылы салынған654 орынды № 7 орта мектебінің ғимаратында 1046 бала отыр.

Курчатов қаласындағы (4 мектептің 3-уі қырық жылдан бұрын салынған) 1967 жылы салынған 170 орынды № 2 жалпы орта білім беру мектебінде 415 бала отыр, ал 1976 жылы салынған 274 орынды № 3 жалпы орта білім беру мектебінде 544 бала отыр.

Риддер қаласындағы (15 мектептің 14-і қырық жылдан бұрын салынған) 1933 жылы салынған 252 орынды №12 орта мектебінің ғимаратында 264 бала отыр, ал 1972 жылы салынған 260 орынды Тәжірибелі поляк орта мектебінің ғимаратында 507 бала отыр.

Ұржар ауданындағы (51 мектептің 16-ы қырық жылдан бұрын салынған) 1976 жылы салынған 612 орынды Найманбай атындағы Орта мектебінің ғимаратында 1052 бала отыр, ал 1972 жылы салынған 620 орынды Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің ғимаратында 935 бала отыр.

Жарма ауданындағы (38 мектептің 21-і қырық жылдан бұрын салынған) 1937 жылы салынған 277 орынды П. Г. Карелин атындағы орта мектебінің ғимаратында 657 бала отыр, 1970 жылы салынған 314 орынды Маяковский атындағы орта мектебі ғимаратында 723 бала отыр.

Абай ауданындағы (11 мектептің 4-і қырық жылдан бұрын салынған) 1965 жылы салынған 143 орынды Қарауыл жалпы білім беретін гимназиясы ғимаратында 285 бала отыр, 1971 жылы салынған 465 орынды Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің ғимаратында 781 бала отыр.

Аягөз ауданындағы (40 мектептің 17-і қырық жылдан бұрын салынған) 1976 жылы салынған 418 орынды №1 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратында 949 бала отыр, 1979 жылы салынған 396 орынды      Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратында                  541 бала отыр.

Глубокое ауданындағы (28 мектептің 15-і қырық жылдан бұрын салынған) 1962 жылы салынған 198 орынды Белоусовка негізгі мектебінің ғимаратында 349 бала оқып жүр, ал 1963 жылы салынған 220 орынды № 1 Белоусовка орта мектебінің ғимаратында 493 бала оқып жүр.

Дегенменде, мектептерді күрделі жөндеулерден өткізу жұмыстары жалғасуда. Жалпы 2019-2020 оқу жылында 267 білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлу жоспарланған, ал іс жүзінде облыстың 249 мектебіне бөлінді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 33 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі анықталған, алайда іс жүзінде тек 15 білім беру ұйымдарында жүргізілді.

Өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге Күршім, Көкпекті, Жарма және Тарбағатай ауданының білім бөлімі басшыларының рөлін атап өткен жөн деп есептейміз.

 

Аудан/қала

Мектептардің

жалпы саны

Мектеп ғимараттарын салу жылдары
1917-1979 1980-1999 2000-2020
Абай 11 4 5 2
Аягөз 40 17 17 6
Бесқарағай 21 7 9 5
Бородулиха 32 21 8 3
Глубокое 28 15 8 4
Жарма 38 18 11 5
Зайсан 27 7 15 5
Катон-Қарағай 36 18 11 7
Көкпекті 37 21 10 6
Күршім қ 17 10 14
Ұлан 31 13 7 11
Ұржар 51 13 16 22
Алтай 40 27 10 3
Риддер 15 14 1 0
Семей 66 40 17 5
Курчатов 4 3 0 1
Өскемен 47 37 7 4
Шемонаиха 23 10 7 6
Тарбағатай 49 20 16 13
Барлығы: 646 339 185 122