Апостиль туралы

   Апостиль не үшін қажет?

  Апостиль мөртабаны бар құжаттар одан әрі растауды немесе заңдастыруды талап етпейді. Гаага Конвенциясының негізінде бір мемлекеттің уәкілетті органдары қабылдаған құжаттарға және оларды басқа мемлекеттің аумағында пайдалануға арнайы мөртабан (АПОСТИЛЬ) қойылады. Конвенция негізінде апостиль француз тілінде немесе ағылшын тілінде не апостиль қойған елдің мемлекеттік тілінде жасалады.

  Білім беру саласында бұл қызметті кім көрсетеді?

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою» мемлекеттік қызметі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің құзыретіне берілген.

  Апостиль қою үшін қандай құжаттарды ұсыну керек?

   Апостиль қоюға құжаттардың түпнұсқалары қабылданады. Көп жағдайда жеке тұлғалар білім орындарынан алған құжаттарын апостильдеуге электронды түрде жолдап жатады. Электронды түрде жолдағанмен, міндетті түрде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдеріне оқу орнынан алған құжатттарының түпнұсқасын ұсыну қажет.

   Маңызды ескерту!!!

   Мемлекеттік қызмет түрін көрсететін уәкілетті орган жеке тұлғалардан оқу орындарынан алған құжаттарды заң талаптарына сәйкес қабылдамайды. Бұл қағидат – мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет алушының құжаттарды жинауға және дайындауға аз қатысуын және оның қызметті көрсетушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейді.

   Сұрақтар бойынша толық ақпаратты қайдан аласыздар?

   Шығыс Қазақстан аумағындағы білім орнынан берілген құжаттарды апостильдеу мәселелері жөнінде Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 87/1 мекенжайына немесе 8 (7232) 21-65-38 байланыс телефоны арқылы толық жауап ала аласыздар.