Бейнебақылау жүйесі - балалардың қауіпсіздігі

   ҚР Білім және ғылым министрлігі өңірлік басқармаларға барлық білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ штаттан тыс жағдайға және балалардың ұйымдарда болу кезеңіне уақтылы ден қою үшін жауапты қызметкер болуын тапсырды.

   Құжаттарға сәйкес бейнебақылау камералары арнайы үй-жайда немесе орталықтандырылған күзет пунктінде болуды, олар міндетті түрде автоматтандырылған режимде немесе жедел басқару орталықтарына қосылуды қамтамасыз етуге тиіс.

   Қазіргі таңда білім беру басқармалары қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген қауіпсіздік шараларын қалай қамтамасыз етеді. Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында бейнебақылаумен қамтамасыз ету жағдайына мониторинг жүргізді.

   Нәтижесінде, Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларындағы, сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Катон-Қарағай, Көкпекті, Ұлан, Ұржар, Шемонаиха аудандарындағы мектептерде балалардың қауіпсіз және жайлы өмірі үшін жағдай жасалған, ал Күршім (41 мектептің 2 мектебінде орнатылмаған), Аягөз (40 мектептің 11-де) және Жарма (38 мектептің 16-да) аудандарындағы кейбір мектептерде бейнебақылау жүйесі орнатылмаған.

   Өкінішке орай, Алтай ауданындағы 40 мектептің 7-де ғана орнатылса, Абай және Тарбағатай аудандарының мектептерінде мүлде бейнебақылау орнатылмаған.

 

30 сәуір 2020 ж./30 апреля 2020 г.

Аудан/қала

Район/города

Количество школ Наличие видеонаблюдения

Өскемен/

Усть-Каменогорск

47 47
Семей 66 66
Риддер 15 15
Курчатов 4 4
Бесқарағай/ Бескарагайский 21 21
Бородулиха/ Бородулихинский 32 32
Глубокое/ Глубоковский 28 28
Зайсан/ Зайсанский 27 27
Катон-Қарағай/ Катон-Карагай 36 36
Көкпекті/ Кокпектинский 37 37
Ұлан/ Уланский 31 31
Ұржар/ Урджарский 51 51
Шемонаиха/ Шемонаихинский 37 37
Күршім/ Курчумский 41 39
Аягөз/ Аягузский 40 29
Жарма/ Жарминский 38 22
Алтай 40 7
Абай/ Абайский 11 0
Тарбағатай/ Тарбагатайский 49 0
Областные 9 9

Барлығы: 646

Итого: 646

250 396