Хабарландыру

   Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) төтенше жағдай басталғаннан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайттарына, әлеуметтік желілерге (Facebooke, Instagram, telegram), жергілікті атқарушы органдардың әртүрлі сайттарына, сонымен қатар Департаменттің call-cenrte қоңырау орталығына түскен қоңырауларға мониторинг жүргізді.

   Қазіргі қалыптасқан жағдай көрсеткендей, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның талаптарын бұзатын, атап айтқанда заңда көзделмеген есептер мен ақпаратты сұратуға жол берген, сондай-ақ мұғалімдердің басқа құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты заңнамада қарастырылған шаралар туралы барлық білім бөлім басшылары хабардар етілмеген.

   Сонымен қатар, мониторинг нәтижелері, статистика педагогтарды баспа құралдарына мәжбүрлі жазылу фактілерінің және педагогті оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту фактілерінің бар екендігін көрсетті.

   Сондықтан білім беру жүйесінің барлық деңгейінің басшылары бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, «Педагог мәртебесі туралы» Заң талаптарының бұзылуына жол бермеу керек.

   Біздің мұғалімдерге айтарымыз, сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Сіз Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне телефон арқылы хабарласа аласыз: 87022860131 –Департамент басшысы Махсутова Зейнеп Абдыжусуповна, 87012202097 – Атыбай Болат Кожанулы, 87478529713- Балтабаева Сауле Темиргалиевна, 8(7232)21-65-38.