ОЖСБ

   «2019 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 08 сәуірдегі №140 бұйрығын орындауда және Білім және ғылым министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 17-24 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының мектептерінің 4, 9, 11 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсімі өткізілді.

   «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес, «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады». Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

   ОЖСБ жоспар бойынша Шығыс Қазақстан облысының 79 білім беру ұйымдарында өткізілді: Өскемен қаласының – 9, Үржар ауданының - 4, Жарма ауданының– 2, Көкпекті ауданының - 1, Күршім ауданының - 3, Тарбағатай ауданының -6, Бесқарағай ауданының -2, Ұлан ауданының -2, Бородулиха ауданының -2, Риддер қаласының-3, Аягөз ауданының -6, Алтай аудананың -4, Глубокое ауданының -2, Шемонаиха ауданының -1, Семей қаласының -23, Курчатов қаласының -1, Зайсан ауданының -3 мектептерінде және 3 облыстық мектептерде.

   Жоспар бойынша 11243 оқушының 92,5%, яғни 10403 –і ОЖСБ-ға қатысты. Оның ішінде 4-сыныптың 5374 оқушысы (қазақ тілінде оқытылатын - 2809 оқушы, орыс тілінде оқытылатын – 2565 оқушы), 9-сыныптың 3869 оқушысы (қазақ тілінде оқытылатын - 2112 оқушысы, орыс тілінде оқытылатын – 1757 оқушысы) және 11-сыныптың 1160 оқушы(қазақ тілінде оқытылатын – 661 учащихся, орыс тілінде оқытылатын – 499 оқушы).

   2019 жылы облыс бойынша орташа балл төмендегідей: 4-сынып бойынша-21,6, 9–сынып бойынша – 44,94, 11-сынып бойынша -63,3 балл. 2018 жылмен салыстырғанда 4-сыныптарда 0,4-ке, 9-сыныптарда 0,28-ге жоғарылаған, ал 11-сыныптарда 2,7 балға төмендеген.

   ОЖСБ қорытындылары бойынша Департамент 2019 жылғы 28 мамырда аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.