Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган құрылды

    Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және педагогтік әдеп ережелерін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің базасында 2021жылғы 14 қаңтардағы №3 бұйрық негізінде Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі ККО) құрылды.

   ККО құрамына Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы және орынбасары, қалалық мәслихат депутаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары, «Шығыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің локалды кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, ШҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, «NUR OTAN» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Білім» бағыты бойынша партиялық қамқорлық комиссиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, «Қазақстан» облыстық телерадиокомпаниясы» АҚ-ның ШҚОФ қазақ редакциясының шеф-редакторы, «Шығыс Қазақстан облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігінің атқарушы директоры енді.

   ККО-ның негізгі міндеттері «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының және педагогикалық әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету, педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу профилактикасына бағытталған ұсынымдар әзірлеу, қоғамдағы педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі ККО кеңесінің үш отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында ККО құрамы, Ережесі және Жұмыс жоспары қабылданып және «МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ» Қоғамдық бірлестігінің Тарбағатай, Күршім және Глубокий аудандарының білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес құрамына ұсынылған үміткерлерді енгізу жөніндегі ұсыныстары қарастырылды.