Гаага Конвенциясының мәселелері бойынша Халықаралық семинар

   2020 жылғы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Зиябекұлы Қамбетов ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бейнеконференция форматында өткізген «1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция шеңберінде заңсыз көшірілген балаларды қайтару жөніндегі шараларды іске асыру» атты Халықаралық семинарына қатысты. Іс – шара өтіп бара жатқан жылдың айтулы күні-1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага Конвенциясының қабылданғанына 40 жыл толуына орайластырылған.

   Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен балалардың ерекше қамқорлық пен көмек алуға құқығы анықталған. «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біздің елімізде орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан балаларды заңсыз алып өтудің, ұрлаудың, олармен сауда жасауды алдын алу және жол бермеу, сондай-ақ оларды тұрақты еліне қайтару бойынша шаралар қабылдануда Қазақстан отбасылық қатынастарды реттейтін бірқатар халықаралық келісімдердің, атап айтқанда, 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады. Конвенцияның мақсаты-, балаларға халықаралық ауқымда оларды заңсыз алып өтудің немесе күштеп ұстап алудың зиянды салдарынан қорғауды және олар тұрақты тұратын мемлекетке олардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сөйлесу құқығын қорғауды қамтамасыз ету Баланы қайтару және оған қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру процесі уәкілетті орган – ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және сот арқылы іске асырылады.