Сапалы инклюзивті білім беру бойынша мониторингінің қорытындысы

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (әрі қарай - Департамент) облыстық орта мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқитын білім беру мекемелерінің қажетті жабдықтармен қамтылуы (әрі қарай – ЕБҚ) және осы санаттағы оқушылармен жұмыс жасайтын педагогтерге жағдай жасау мәселесі бойынша мониторинг жүргізді.

   Мониторинг нәтижесі бойынша облыста 469 (72,6%) мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқитыны анықталды.

1. Барлығы облыс бойынша ЕБҚ бар балалармен 10950 жалпы білім беру пәндерінің педагогтері жұмыс жасайды. Олардың 8526 (77,8%) біліктілікті жоғарылату курстарынан өтпеген.

2. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде 7537 (68.8%) педагог үстемақы алмайды.

3. 432 (92%) мектепте арнайы оқу-әдістемелік әдебиеттер жоқ.

4. 327 (69,7%) мектепте педагог-психолог, арнайы педагог, әлеуметтік педагогтерде арнайы жабдықталған кабинеттер жоқ.

5. Аягөз және Көкпекті аудандарында үй жағдайында оқитын балалардың компьютерлері ескірген.

6. Алтай ауданында үйден оқитын 4 оқушы компьютерлермен қамтылмаған.

Департамент жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкіміне хат жолдады.