Ақпараттық қауіпсіздік

   2020 жылғы 03 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы Р.Қайсабаевтың қатысуымен бейнебайланысконференция арқылы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинарына қатысты. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лицензияланған бағдарламалық өнімдер қажет, дербес компьютерлерде электрондық-цифрлық қолтаңбаларды сақтамаған жөн, вирусқа қарсы бағдарламаларды тұрақты негізде жаңартып отыру қажет және т. б.

   Баяндамашыға ақпараттық қауіпсіздікке қатысты, оның ішінде шетелдік электрондық поштаны пайдалану (mail.ru, gmail.com және т.б.) туралы сұрақтар қойылды.

   Семинар барысында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұсыныстар берілді.

 

03 12 2020 1