Педагог қызметкерлерді тестілеу

  Облыста "Ustudy"ЖШС өңірлік орталықтарының базасында Ұлттық тестілеу орталығының бағдарламалық қамтамасыз етуін электрондық форматта пайдалана отырып, ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – ҰБТ) өтуде. Тестілеу мектепке дейін, жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін жүргізіледі.

   ҰБТ ү.ж. 21-ші желтоқсанға дейін 2,5 мыңнан астам педагогтер үшін жүргізілетін болады.

   ҰБТ санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес және қашықтықтан және де бетперде режимін сақтай отырып жүргізіледі.

   Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда педагогтер апелляцияға бере алады.

   Бұзушылықтармен анықталған педагогтер (ұялы телефондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту) аудиториядан шығарылады, нәтижелерді уәкілетті орган жояды.

   ҰБТ өткізу кезінде облыстың білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бақылаушы ретінде қатысады.