Газет-журналдарға жазылу туралы

  «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 6-бабында көрсетілген 2-тармағына сәйкес педагогті кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.

   Мұғалім қай газетті оқып, қай басылымға жазылуы қажет екенін өзі шешеді. Басылымға жазылғысы келмеген жағдайда педагогтерді еш мәжбүрлеуге болмайды. Оған тыйым салынады.

   Әкімдіктер тарапынан газеттерге жазылу қажет деген «тапсырмалар» да директорларға келіп түспеуі тиіс. Әрине, белгілі бір басылымдарға жазылуды қарастыру жөнінде ұсыныстар айтылса болады. Бұл ретте әр мұғалім өзі шешім қабылдауы қажет.

   Егер басылымдарға мәжбүрлеп жазылу туралы нақты шағымдар келіп түссе және бұзушылық фактісі расталса, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 7-3-бөліміне сәйкес заң бұзушы тұлға ескерту түріндегі әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 20-дан 120-ға дейінгі АЕК көлемінде айыппұл салынады.

   Аталған бұзушылық фактілері бойынша өңірлердегі Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне шағым жасауға болады.