Жұмыс тобының отырысы

   2020 жылғы 04 қарашада Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) бейнеконференцбайланыс арқылы облыс прокурорының төрағалығымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың проблемалық мәселелері бойынша уәкілетті органдар қабылдайтын шаралардың нәтижелері туралы ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына қатысты.

   Отырыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің жай-күйін жақсарту жөніндегі Медиа-жоспарды іске асыру мәселелері қаралды.

   Отырыс қорытындысы бойынша Департаментке нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу бөлігінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс істейтін педагог кадрларының біліктілігін арттыру мәселесін шешуге көмек көрсету ұсынылды.