Қамқоршылық кеңестерінің мәселелері бойынша

   2020 жылғы 03 қарашада Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бейнеконференция байланысы арқылы «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобаны талқылауға қатысты.

    Отырысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің, «QOLDAU» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі» ҚБ-нің, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ аумақтық қамқоршылық кеңестерінің төрағалары қатысты.

   Жалпы, талқылау Үлгілік ережелердің барлық тармақтарын қамтыды. Отырыс қорытындысы бойынша «Үлгілік ережелерге өзгерістер енгізу туралы» жобаны жалпыға ортақ талқылау үшін сайтқа орналастыру туралы шешім қабылданды