Әдеп жөніндегі уәкілдермен кеңес

    Бүгін, 2020 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Кенжігүл Бекімованың қатысуымен Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес ұйымдастырды. Кеңесте мемлекеттік органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына қатысты мәселе қаралды.

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 04 тамыздағы №156 «Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдер 11 функцияларды орындайды.

   Қазіргі уақытта білім беру саласында түрлі ережелер, түзетулер, нұсқаулықтар қабылдануда. Көптеген қызмет алушылар, атап айтқанда ата-аналар ақпараттандырылмаған. Әрбір аумақтық департаментте жергілікті жерлерде неғұрлым тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін бір маманнан тағайындалған. Бұл мамандардың функцияларына этика және мінез-құлық нормалары мәселелері де кіреді.