Департаменттің 2020 жылғы 10 айы бойынша қызметінің қорытындылары туралы

 

   Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.

   Бүгін біздің Департаменттің ағымдағы жылдың 10 айы бойынша қызметінің қорытындылары туралы қысқаша айтып береміз.

   Бақылау іс-шаралары бөлігінде Департамент жыл басынан бастап облыс мектептеріне профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізеді, өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады. Мысалы, бүгінгі күні 18 колледж 47 біліктілік бойынша 41 мамандық беретін лицензия қосымшаларын өз еркімен қайтарды. 1 колледж оқу мекемесін жабу туралы шешім қабылдады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Департамент 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: бұл білім беру қызметіне лицензия беру және білім туралы құжаттарға апостиль қою.

Лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет толығымен электрондық түрде жүзеге асырылады. Осы бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымшаны беруге келеді.

Есептік кезеңде лицензиялау мәселелері бойынша 114 өтініш келіп түсті (ТжКБ – 86, мектеп – 28). Оның ішінде қанағаттандырылғаны - 62 өтініш (54,3%), бас тартылғаны– 46 (40,3%), 6 (5,2%) өтініштер жұмыс барысында.

 

Анықтама ретінде. Бас тартудың егізгі себептері:

1. Электрондық өтінімде ұсынылған ақпараттың толық болмауы (оқулықтардың жеткіліксіздігі, педагог кадрлардың құрамы дұрыс толтырылмаған, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деректері және т. б.);

2. Мемлекеттік баждың дұрыс төленбеген түбіртектері (БСК, ТТК, МКБ/МКД дұрыс емес деректемелері));

3. Визуалды қарау кезінде ұйымның материалдық-техникалық базасының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (17.06.2015 ж. №391).

 

"Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті алу үшін Департаментке тікелей жүгінуі алып тасталған.

2020 жылғы 1 қаңтар мен 30 қазан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 561 өтініш келіп түсті.

Білім туралы 497 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім туралы – 394; кәсіптік-техникалық білім туралы – 9; жалпы орта білім туралы – 94.

Бас тартылғаны-64, немесе 11%. Бас тарту себептері, негізінен, төленбеген немесе дұрыс төленбеген, сондай-ақ таңдалған елдердің Гаага Конвенциясына кірмейтіндігімен және басқаларға байланысты.

Өздеріңіз білетіндей, пандемияға байланысты жағдай қоғам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде білім беру жүйесіне белгілі бір түзетулер енгізді.

Былтырғы оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап республиканың жалпы білім беретін мектептерінің көпшілігі қашықтықтан оқытуға көшті, ал ағымдағы оқу жылының бірінші тоқсанынан бастап кезекші сыныптар жұмыс істей бастады. Колледждер мен жоғары оқу орындары ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қашықтықтан оқытуға көшті.

Білім басқармасының мәліметі бойынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 236 мектептегі 3472 кезекші сыныптарда барлығы 48109 оқушы оқиды. Кезекші сыныптарға 2969 педагог жұмысқа тартылды.

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні жағдай бойынша мектеп жасындағы балалар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 110 фактісі тіркелген. Барлық 110 бала бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БСМП) ұйымдарының медициналық бақылауымен қамтылды, олардың 76-ы немесе 69%, сауығып кетті, 34 - і немесе 31% емдеуді жалғастыруда.

2020 жылғы 14 наурыздан бастап Департамент облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін (ҚБТ) қолжетімділіктің болуына мониторинг жүргізді. Мониторингпен 71 колледж және 7 жоғары оқу орны қамтылды. ТжКББ және ЖОО ұйымдарына лайықты баға беру керек екенін атап өткен жөн. Дәл осы оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу басталды.

Мониторинг қорытындысы бойынша облыстың барлық жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту қашықтықтан режимге көшірілгені, студенттердің ҚБТ-ға қолжетімділігі бар екені анықталды. Кейбір колледждердің мониторингі барысында ҚБТ-ның болмауы, қолжетімділіктің болмауы, Интернеттің төмен жылдамдығы сияқты проблемалары анықталды.

Бүгінгі таңда бұл мәселелер шешілді, колледждерге жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар уақытылы жіберіліп, қажетті көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар біздің Департаменттің қызметі де трансформацияланды, соның нәтижесінде білім беру саласында кешенді мониторингтік іс-шаралар жүргізілді, шешімдер жедел және біздің ойымызша тиімді қабылданды.

Жалпы білім беретін мектептермен қатар, Департамент инклюзивті білім беру жүйесіне де мониторинг жүргізді. Облыстың 646 мектебінің 489 мектебінде (76%) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар оқидыОблыста арнайы білім беру контингенті 1562 бала болатын 13 арнайы түзету мектебінде ұйымдастырылды, оның 10 - ы қашықтықтан оқыту форматына көшті, оның 3-інде 20 кезекші сынып жұмыс істейді. Екі мектеп педагогикалық вахтаны ұйымдастырумен штаттық режимде жұмыс істейді.

Департамент қызметкерлері бақылаушы ретінде және облыста Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде тартылды. Ағымдағы жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша берілген білім гранттары тағайындалған ҰБТ-ға 8762 түлек қатысуға ниет білдірді, олардың 8193-і (94%) тестілеуге қатысты.

ҰБТ өткізу кезінде мынадай бұзушылықтар анықталып тіркелді: ұялы телефондарды пайдаланудың 77 жағдайы, оның ішінде 30 (39%) жағдайда ұялы телефондар кірген кезде және 47 (61%) жағдайда тестілеу кезінде жойылды. Ұялы телефондарды пайдаланған түлектердің 21-і (27%) тестілеуге жіберілмеген.

Тыйым салынған заттардың алынуына байланысты 47 тест нәтижесі жойылды. Сонымен қатар, ҰБТ басталғанға дейін министрлік, біздің департамент, облыстық білім басқармасы халық арасында ҰБТ өткізу кезінде жағдайды қатаңдату жағына жаңалықтар енгізу туралы бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін атап өткім келеді.

Тестілеу кезіндегі бұзушылықтар тек білім алушылар арасында ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қоғамдастық арасында да тіркелді. Ағымдағы жылғы педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеуінің қорытындысы бойынша 4248 педагог қатысты, ұялы телефондарды пайдаланудың 26 жағдайы және шпаргалкаларды пайдаланудың 31 жағдайы және тест сұрақтарын шығарудың 4 фактісі тіркелді. Нәтижесінде-тестіленушілер шығарылды, қорытындылары жойылды. Тестілеу қорытындысы бойынша 24 педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Департамент облыстық білім басқармасына тиісті хат жолдады.

Білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылының басталуына сапалы дайындау мақсатында, біз мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге, оқулықтарды жеткізуге, жылы дәретханаларды іске қосуға, білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен жарақтандыруға және кезекші сыныптардағы жұмыс үшін педагогтерге ақы төлеу бойынша мониторинг жүргіздік.

Мониторинг барысында облыстың 13 мектебінде тек аулалық дәретханалар жұмыс істейтіні анықталды, олардың 5-інде ғана жылы дәретханаларды орнату жұмыстары жоспарланған (2020 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр). 8 ұйымда жылы дәретханалар орнату мәселесі шешілмеді:

- Алтай ауданының 6 бастауыш мектебінде 2020-2021 оқу жылының соңында жабылуына байланысты (әр мектепте 5 адамнан тұратын шағын контингент);

- Тарбағатай ауданының 2 мектебінде.

Атап өтейін дегенім : , 2019 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін орта білім беру ұйымдарының 304 немесе 47% - ында жылы дәретханалар орнату жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында барлық орта білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесі бар екені анықталды. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында 2 жекеменшік балабақшада бейнебақылау жүйесі жоқ.

Күрделі жөндеу 40 мектепте жүргізілді. 40 мектептің 35-інде күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанға дейін аяқталды, ал қалған 5 мектепте жөндеу жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.

Оқулықтарды жеткізу мониторингі 9751 жиынтық көлемінде жаңартылған мазмұндағы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (Оқу-әдістемелік кешендері) толық қамтамасыз етілгенін көрсетті.

Қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдері 15 тасымалдаушымен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері жеткізуге шарттар жасасты. Бүгінгі күні жеткізу 100% құрайды.

Мониторинг қорытындысы бойынша педагогтердің кезекші сыныптардағы жұмысы үшін еңбекақысының уақтылы есептелмегені немесе толық есептелмегені байқалады. Осылайша, кезекші сыныптарда жұмыс істейтін 2474 педагогтың 837-сі жалпы санының 33,8% - ын құрайды. Әкімге тиісті хат жолданды.

Қашықтықтан оқыту форматында жұмыс істеу уақытының салыстырмалы түрде қысқа кезеңінде біздің Департаментте білім беру саласындағы азаматтар мен педагогикалық қоғамдастықтың сұрақтарына жедел жауап беру алгоритмі әзірленді.

Біз күн сайын облыстың білім беру саласына қатысты ақпаратты сайттар мен әлеуметтік желілерден, call-орталықтардан, телефон арқылы жүгінулерден мониторинг жүргіземіз. Бірде-бір телефон қоңырауы, әлеуметтік желілердегі түсініктеме назардан тыс қалмайды. Негатив пен бұзушылық фактілері жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл қарастырылады, мәселелерді шешу және көмек көрсету бойынша дереу шаралар қабылданады.

Қорытындылай келе, біздің бүгінгі кездесуіміз – бұл біздің мемлекеттік орган мен халық арасында сындарлы диалог құру екенін атап өткім келеді. Бүгінгі күні біз баспа басылымдарында 50-ден астам мақала, Департамент сайтында ақпарат, әлеуметтік желілерде (FB, телеграмм, Instagram) 100-ден астам материал жарияладық.

Мемлекет басшысы өзінің "Біз "халық үніне құлақ асатын мемлекет" атты Жолдауында атап өткендей, барлық мемлекеттік органдар жаңа, ең алдымен, билік пен қоғамның тұрақты диалогы бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Біздің Департамент ашық! Біз қол жетімдіміз! Біз адалмыз!