Тарихи күн

   Бүгін, 2020 жылғы 02 қыркүйекте, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында Білім күніне арналған «Әліппе – білімнің қайнар бұлағы» атты салтанатты іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар шеңберінде «Әліппеден басталған даналықтың данасы» көрме ұйымдастырылды, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты мен Сандық педагогика зертханасы ашылды.

   Салтанатты іс-шараларға облыс әкімдігі (облыс әкімінің орынбасары А. Мархаба), ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (басшы З.А. Махсутова) қатысты. Көрмеде «Әліппеден басталған даналықтың данасы» Ф.Г. Голованов әріптерінің бірегей раритетті топтамасы және сирек кездесетін әдебиет қоры ұсынылды: 30 тілдегі 63 әліппе, оның ішінде 2014 жылы басып шығарылған А.Байтурсыновтың «Әліппе» кітабы. Көрме жәдігерлерімен директор Нуралиева П.К. және кітапханашы Ершова Л.П. таныстырды.

   Өткізілген іс-шара – осы жоғары оқу орнының Абай шығармашылығын қастерлеудің бірінші қадамы емес. Университеттің басшысы ретінде Төлеген Мұхтар Әділбекұлының бастамасымен 2019 жылы осы жоғары оқу орны жанында «Абай» Орталығы ашылған болатын.

   «Абайтану» Институты Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға жол ашуға мүмкіндік береді. Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне дұрыс қолдана білу – әрбір азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, жан-жақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының міндеті.