1 Қыркүйек - Білім күні

  Құрметті әріптестер, ұстаздар! Сіздерді жаңа 2020-2021 оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын! Мүмкін, қашықтан жұмыс жасау біреуге қызықсыз болып көрінетін шығар, әсіресе, пандемия жарияланған қазіргі уақытта, бірақ, игі еңбектеріңіз қажет және сұранысқа ие екенін білеміз. Қазір балаларды оқытып-үйрету оңай емес, кейде өте қиын, бірақ, жүрегінде балаларға деген сүйіспеншілік және оларға жаңа білім беру ыстық ықыласы бар мұғалімдер үшін, бұл дүние жүзіндегі ең жағымды жұмыс! Сіздерге жігерлік, жаңа технологияларының элементтерін енгізуде ұмтылыс, ықылас тілеймін. Оқушыларыңыз сіздерге әрдайым алғыс білдірсін!

   Қымбатты балалар, к - жаңа оқу жылы басталуының символы! Ой-пікірлеріңізді жинақтап ғылымға кіру уақыт болып табылады. Пандемияның қиын кезеңінде сыныптас-достарыңның уақытша алыстығына қарамастан, бұл оқу жылы сіздер үшін бақытты және нәтижелі өтсін. Білімдеріңіз "өте жақсы" бағамен бағалансын, білімге деген жолда кез келген кедергілерді жеңіп шығындар, әр күні жаңа, қызықты және маңызды жаңалықтарды ашыңыз. Сіздерге кез келген жағымсыз сәттерге және инфекцияларға қарсы мықты иммунитет, табандылық пен сенімділік тілеймін!

   Құрметті ата-аналар, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы оқу жылында балаларыңыз білімге деген жол баспалдағының бір сатысына жоғарылады! Сіздерге рухани күш-жігер, шыдамдылық пен даналық тілейміз. Пандемия тез аяқталып, балалардың ақпарат игеруде және қиын тапсырмаларды орындауда сіздердің қолдауыңыз балалармен қарым-қатынастарыңызды жақсарта түссін. Олардың жетістіктері, табыстары және оқу жеңістері жүрекке қуаныш әкелсін!

   Құрметті әріптестер - білім беру жүйесінің басқарушылары! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, барлықтарыңызға жаңа идеялар, сергектік пен шабыт, сондай-ақ тыныштық, жүрекке қуаныш және өмірде сәттілік тілеймін. Сіздермен біз бірге күрделі қызмет атқарып отырмыз, біздің миссиямыз: оқушылардың білім сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарына әдістемелік және методологиялық көмек көрсету. Бәріміз бірге осы жылдың барлық сынақтарынан абыроймен шығып, мақсатымызға сенімділікпен жетейік. Сіздерге күш-қуат, денсаулық пен шыдамдылық тілеймін! Іске сәт!