Абай еліне саяхат

   ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Абай ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175-жылдығы аясында ақынның ата қонысы Жидебайға тарихи-әдеби танымдық экспедиция жасады. Басты мақсат – ұлы бабамыздың туып-өскен жерімен және оның шығармашылығымен, қазақ халқының тарихымен және мәдени мұраларымен танысу, қазақ кемеңгері атымен байланысты әр нәрсеге құрметтеу және тағзым ету, Абай ауданындағы сәулет және монументалдық ескерткіштерді тамашалау.

   Семей қаласынан 50 шақырым қашықтықта белгілі қазақ батыры Күшікбайдың зиратында ескерткіш орнатылған. Монумент Күшікбай батырдың құрметіне ғана емес, осы тарихы далада және тауларда жатқан ескерусіз қалған барлық қазақ батырларының құрметіне арналады. Олар бабалар жерін қорғады және осы дала үшін майданда қан төкті. Дала – халқымыздың басты құндылығы, сондықтан ұлттың тұтастығын көрсету уақыты келді. Бұл сәулет кешені барлық қазақ халқының тарихын бейнелейді.

 

   Мұнарасы бар "Еңлік-Кебек" 6-метрлік монумент 1780 жылы билер сотының құрбаны болған Еңлік - Кебек жас ғашықтардың жерленген орнында орнатылған. Бұл киелі жер өте мұңлы және байлыққа, билікке, уақытқа бағынбайтын сезім – МАХАББАТ сезіміне сыйыну орны болып табылады.

 

 

   Бөрілі ауылындағы М. Әуезовтің мұражай-үйіне бұрылатын жолда ашылған алтын кітап түрінде монумент орнатылған. 1987 жылы бұл мұражай Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімі ретінде ашылған. Мұражай 1987 жылғы 25 желтоқсанда Қазақ КСР-сы Мәдениет министрлігінің №411 бұйрығымен Республикалық әдеби-мемориалдық Абай мұражай қарамағына берілген болатын.

 

 

   Жидебай шатқалында Абай Құнанбаевтың мұражай-үйі және Абай-Шәкәрім кесенесі орналасқан, бұнда Абай және оның немере інісі Шәкәрім жерленген. Әрбір қазақстандықтың жүрегіне ең ыстық та қымбат бұл жерде еуразиялық континенттің орталығы орналасқан.

   Сапарға қатысушылар ұлы ақын Абай, философ Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы туралы терең танымдық білім, сондай-ақ туған өлкенің киелі орындарына бару арқылы айтып жеткізуге болмайтын әсер және ішкі рухани азық алды.