Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы

 mahsutova

 

 

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны

қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны

қамтамасыз ету департаментінің басшысы

 

 Телефон: 8/7232/21-65-38


  Жалпы ақпарат, білім

 

   1988 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне (Қарағанды қ.) оқуға түсті, ал 1993 жылы «Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (Шымкент қ.) бітірді

   1999 жылы жалпы Ресей білім академиясынның орта білім беру институтын (Мәскеу қ.) бітірді, педагогика ғылымдарының кандидаты.

   2010 жылы «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Астана қаласындағы Қаржы академиясын бітірді.

 

  Еңбек қызметі

 

   Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Ленин атындағы орта мектептің физика кабинетінің лаборанты болып бастаған.

   1993-1996 жылдары - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университететінде орыс тілі кафедрасының оқытушысы.

   1999-2002 жылдары – Ушинский атындағы мемлекеттік ғылыми-педагогикалық кітапханада(Мәскеу қ.) еңбек қызметі. 2002-2006 жылдары - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің орыс тіл білімі кафедрасының оқытушысы.

   2006-2020 жылдары – ҚР БҒМ еңбек қызметі: бас сарапшы, басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары.

   2020 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы