Шығыс Қазақстан облысы бойынша инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету мониторингінің нәтижелері
Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті орта білім беруде инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізді. 2019-2020 оқу жылында орта білім беру жүйесінде облыста 648 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, онда 188 255 оқушы білім алады.
11 арнайы білім беру ұйымдарында дамуында ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу және жан-жақты дамыту, тірек-қимыл аппараты, көру, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалары бар мекемелерде тұру жағдайында түзету-дамытушылық білім беру және психологиялық, медициналық-педагогикалық оңалтуды жүзеге асырады.
Бұл мектептерде сапалы білім алу үшін барлық санаттағы 1655 мүмкіндігі шектеулі бала арнайы біліммен қамтылған.
Жұмыспен қамту және арнайы әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін екі орталықтарында 229 мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытады және тәрбиелейді.
Сондай-ақ, облыста білім беру ұйымдарында базалық білім беру бағдарламасын игеруде, даму мен әлеуметтік бейімделуде, мүгедек балалар мен мүгедек балаларға психологиялық-педагогикалық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету орталықтарында психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бір оңалту орталығы, 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия (ПМПК), 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері бар.
Құрметті педагогтар!
Егер Сіздерде кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту, білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап ету және көзделмеген тексеру жүргізу фактілері болса, онда мына мекенжайда орналасқан: ШҚО, 070019, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 87/1, жұмыс телефоны-8(7232) 21-65-38, Департамент қызметкерлердің ұялы телефондары - Камбетов Жумабек Зиябекович - 87776331010, Раимбекова Ботагоз Акатаевна – 87778551215, Лазимканов Есет Турсынбекович – 87714102751, Балтабаева Сауле Темиргалиевна - 87478529713 шағымдануға болады.
Педагогтар тарапынан міндетті түрде жүргізілетін құжаттар тізбесі бекітілді
2020 жылғы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Махсутова З.А. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен таныстыру үшін облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің басшыларымен онлайн-кездесу өткізді.
Бұйрықта орта білім беру ұйымдарының педагогтары толтыруы қажет құжаттардың нақты тізбесі белгіленгені, сол арқылы «Педагогтың мәртебесі туралы» Заңда және әкімшілік құқық бұзушылық кодексте белгіленген тізімнен асып кеткен құжаттарды талап етуде жауапкершілік айқындалғандығы айтылды.
Сонымен қатар, педагогтарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту және шамадан тыс есеп беруді талап ету үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны айтылды. Зейнеп Абдыжусуповна білім беру бөлімдерінің басшыларына педагогтарды өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартылуына қатысты шағымдар туындаған жағдайда Департамент шара қолданатынын, осылайша бұзушылық орын алған жағдайда жоспардан тыс тексеруді тіркейтіндігі жайлы хабардар етті.
Апостиль туралы
Апостиль не үшін қажет?
Апостиль мөртабаны бар құжаттар одан әрі растауды немесе заңдастыруды талап етпейді. Гаага Конвенциясының негізінде бір мемлекеттің уәкілетті органдары қабылдаған құжаттарға және оларды басқа мемлекеттің аумағында пайдалануға арнайы мөртабан (АПОСТИЛЬ) қойылады. Конвенция негізінде апостиль француз тілінде немесе ағылшын тілінде не апостиль қойған елдің мемлекеттік тілінде жасалады.
Білім беру саласында бұл қызметті кім көрсетеді?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою» мемлекеттік қызметі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің құзыретіне берілген.
Апостиль қою үшін қандай құжаттарды ұсыну керек?
Апостиль қоюға құжаттардың түпнұсқалары қабылданады. Көп жағдайда жеке тұлғалар білім орындарынан алған құжаттарын апостильдеуге электронды түрде жолдап жатады. Электронды түрде жолдағанмен, міндетті түрде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдеріне оқу орнынан алған құжатттарының түпнұсқасын ұсыну қажет.
.
Бейнебақылау жүйесі - балалардың қауіпсіздігі
ҚР Білім және ғылым министрлігі өңірлік басқармаларға барлық білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ штаттан тыс жағдайға және балалардың ұйымдарда болу кезеңіне уақтылы ден қою үшін жауапты қызметкер болуын тапсырды.
Құжаттарға сәйкес бейнебақылау камералары арнайы үй-жайда немесе орталықтандырылған күзет пунктінде болуды, олар міндетті түрде автоматтандырылған режимде немесе жедел басқару орталықтарына қосылуды қамтамасыз етуге тиіс.
Қазіргі таңда білім беру басқармалары қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген қауіпсіздік шараларын қалай қамтамасыз етеді. Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында бейнебақылаумен қамтамасыз ету жағдайына мониторинг жүргізді.
Көшедегі мектеп дәретханаларын жою-оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының бірі
2021 жылға дейін қалалар мен облыстардың әкімдіктері көшедегі мектеп дәретханаларын толығымен жойып, оларды оқу орындарында жайластыру керек. Мектеп жанындағы көшелерді толық жою туралы мәселе 2019 жылдың соңында көтерілген болатын.
Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті көшедегі мектеп дәретханаларын жою бойынша өңірдегі жағдайды мониторингілеу және талдау бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта облыстағы 646 мектептің 250-інде ішкі дәретханалары жоқ, тек 396 мектепте ішкі дәретханалармен жабдықталған. Зайсан және Катон-Қарағай аудандарын атап өтуге болады, олар 2019-2020 оқу жылы ішінде барлық мектептерде ауладағы мектеп дәретханаларын жойып, оларды оқу орындарында жайғастырды. Алайда облыстың барлық аудандарында осы бағытта белсенді жұмыс байқалмайды. Мысалы, Абай, Жарма, Аягөз, Көкпекті, Бородулиха, Глубокое аудандарында мектептердің жартысынан көбі ішкі дәретханалары жоқ. Ал Тарбағатай ауданында 49 мектептің 42-інде ішкі дәретханасы жоқ, Күршім ауданында 28 мектепте (барлығы 41 мектеп) балалар көшедегі дәретханаларға барады.
Сондықтан осы мәселені шешуге облыстың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының назарын аударамыз. Оның үстіне, қазір оқушылар қашықтықтан білім алуда, 2020-2021 оқу жылының басына дейін жағдайды толығымен түзетуге және көше дәретханаларын жоюға мүмкіндік бар.
Ұлы ақын мерейтойы қарсаңында өткен вебинар
Шығыс Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2020 жылғы 27 сәуір күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ "Абайтану" ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың ұлы хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтар" атты Республикалық вебинарына қатысты. Онлайн семинарға республикамыздың түкпір-түкпірінен оқытушы-ғалымдар, магистранттар, студенттер қатысты.
Вебинарды Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар акедемиясының академигі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы ашты.
Жаңадан ашылған «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., абайтанушы ғалым Картаева Айжан Маратбекқызы модераторлық етті.
Бағдарлама бойынша келесі спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ой-толғамдары мен ұсыныс пікірлерін ортаға салды:
- Абай атындағы ҚазҰПУ «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. Шойынбет Жабал Алшынбекұлы «Хакім Абай даналығы» тақырыбында баяндама жасады. Белгілі абайтанушы ғалым Абай шығармашылығындағы «толық адам» ұғымына жан-жақты тоқталды.
- Абай атындағы ҚазҰПУ С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Бекбосынов Марат Нұрғазыұлы «Абайдың отыз сегізінші қара сөзі хақында» тұшымды пікірлері мен толғамдарын ортаға салды.
- ф.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Абайтану» оқу-ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Әліпхан Мақсат «Абай абсолютті ақиқаттар туралы» тақырыбында баяндама жасап, ұлы данамыздың ойларын Аристотель, Конфуций, әл-Фараби пайымдарымен сабақтастыра отырып, вебинар қатысушыларына қызықты ақпараттар ұсынды.