logo

   

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

     Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің

     Шығыс Қазақстан облысының

    Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  

  • Қазақша
  • Русский
  • Жаңалықтар
  • Департамент туралы
    • Ережесі
    • Жұмыс жоспары
    • Басшылық
    • Құрамы
  • Басшының блогы
  • НҚА
  • Мем.қызметтер
  • Мем.Бақылау
  • Құқықтарын қорғау
  • Бос орындар

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары

  Білім беру ұйымдарында ішкі және сыртқы бақылауға арналған бейнекамералар орнату заман талабына айналды. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін – бұл қол жетімді шара, қажет болған жағдайда жарақат пен зорлық-зомбылыққа байланысты әр түрлі фактілердің шынайылығын анықтауға, сондай-ақ ұсақ бұзақылық пен ұрлыққтың алдын алуға мүмкіндік береді. Көбінесе, ата-аналардың өздері бейнебақылау орнату туралы бастама көтереді, өйткені олар бұл шараны балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралы деп санайды.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 44-тармағына сәйкес (3-қосымша) ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін білім беру ұйымының ғимараты мен оның аумағындағы алаңдарды бақылау үшін бейнебақылау камералары болуы керек.

   Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ТжКБ оқу орындарының оқу ғимараттарында бейнебақылаудың болуына мониторинг жүргізді.

Толығырақ...

Біліктілікті арттыру курстары

  2020 жылғы 25-29 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Балтабаева С.Т., Лазимканов Е.Т., Раимбекова Б.А «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тақырыбында онлайн біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр.

   Курстың кураторы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқарма академиясының қызметкері Смагулова Бакыт.

   Курс «Microsoft Teams» платформасында өткізіледі. Курстарды Академияның білікті мамандары оқытады, осы тақырып бойынша вебинарлар, пікірталастар, практикалық тапсырмалар өткізіледі.

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысының балабақшалары өз қызметін бастады

  Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 2019-2020 оқу жылында 792 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, онда жалпы саны 59 мыңнан астам бала қамтылған.

   Мектепке дейінгі мекемелер желісі мынадай: балабақшалар – 345 (43 350 бала), оның ішінде 137 жеке меншік (16 205 бала); шағын орталықтар – 447 (16 180 бала), оның ішінде 2 жеке меншік (26 бала). Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының жұмыс алгоритмін қатаң түрде сақтай отырып, облыста 2020 жылғы 25 мамыр күніне 117 мектепке дейінгі мекеме өз қызметін бастады, оның ішінде 407 топқа 6356 бала қабылданды, бұл осындай жастағы балалардың 11%-ын құрайды.

   Бұдан басқа, бүгін мектепке дейінгі білім беретін 1041 педагог және балабақшалардың 1050 басқа да қызметкерлері жұмысқа шықты. Облыстың мектепке дейінгі ұйымдары білім беру және тәрбиелеу қызметін алдағы жазғы маусымда кезекші топтар режимінде жүргізетін болады. Мысалы, Алтай қаласында 18 мамыр күні барлық балабақшалар ашылды, қазіргі пандемия жағдайында ата-аналарға алаңсыз еңбек етуге мүмкіншілік жасалды, себебі 1156 бала жоғары білікті 177 тәрбиешінің сенімді қолында.

 

 

Облыс мектептеріндегі кітапханалардың әдеби қоры.

   Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап. Бұлақтың дарияға бет алғанындай, әліппеден бастау алатын білім кілті кітап – оқимын деген адамның сенімді серігіне, айнымас досына айналары сөзсіз. Осынау техника дамыған заманда балалар мен жасөспірімдердің басым көпшілігі уақыттарын теледидар көруге, компьютер ойнауға, музыка тыңдауға арнайды. Бірақ, кітаптың және кітап оқудың орны бөлек, жас жеткіншектерге өз жасына сай кітап оқығандары дұрыс.

    «Кітап оқу – адам миы үшін айрықша жаттығу. Түрлі шығармалардың ішіне ойша ену адамның елестету, қиялдау мүмкіндігін арттырады.

Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс мектептерінің кітапханаларындағы кітап қорына мониторинг жүргізді. Білім беру бөлімдерінің берген деректеріне сәйкес, облыс мектептерінің кітап қоры шамамен 2 444 742 дана (оқулықтарды есептемегенде), оның ішінде көркем әдебиет 1 590 240 (65%), 98 153 (4%) дана - анықтамалық әдебиет, 238 719 (10%) дана әдістемелік әдебиет, 296 707 (12%) ғылыми әдебиет, 220 923 (9%) дана балалар әдебиеті.

    2018 жылы әдебиет қорын ұлғайтуға 11282,07 мың теңге бөлінген, Аягөз, Бесқарақай, Ұлан, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті аудандары мен Курчатов, Риддер қалаларында қаражат бөлінбеген. 2019 жылы Аягөз, Күршім аудандары мен Курчатов, Өскемен қалаларының мектептеріне әдебиет сатып алуға 11282,07 мың теңге қаражат бөлінген. 2020 жылы әдебиет қорын ұлғайтуға қаражат облыс бойынша қарастырылмаған.

   Баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту – білімнің қайнар көзі болып табылады. Ол оның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін-өзі тану сезімін оятады, өз ісінің дұрыс, бұрыстығына қорытынды жасап, дәлелдей алатын, өмірдің ащысы мен тұщысынан дәм татып, өмір сүруге дайын, тірлікке бейім болуды үйретеді. Алайда, жоғарыда айтылған мәліметтерге сәйкес мектеп кітапханаларындағы балалар әдебиетінің үлесі тек 9% құрайды.

Мониторинг нәтижесі бойынша Департамент облыстың жергілікті атқару органдарына, білім басқармасына облыс мектептерінің әдеби кітап қорын ұлғайту мәселесін назардан тыс қалдырмауға ұсыныс жасайды.

«Абай және әлемдік өркениет»

  Шығыс Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ағымдағы жылдың 21 мамырында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті үйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

   Конференцияға «Zoom» платформасы арқылы алыс-жақын шетелдер мен республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам ғалымдар, оқытушылар, журналистер, магистранттар мен студенттер қатысты. Аталған іс-шарада Түркия, Нидерланд, Польша сияқты мемлекеттер мен отандық абайтану ғылымындағы белгілі ғалымдар баяндама жасады.

 

 

 

 

Толығырақ...

Өңірдегі мектеп ғимараттарының хал ахуалы қалай?

   Жалпы білім беру мектептері оқу-тәрбие беру мекемелерінің ең негізгісі болып табылады. Бұл мекемелерде балалар өмірінің 9-11 жылының күніне 4-тен 10 сағатқа дейін уақыттары өтеді. Балалардың денсаулығы, дамуы, оқу үрдісіне байланысты қызмет қабілетінің өзгеру динамикасы мектеп ғимаратының бөлмелер жиынтығының сапасына, олардың гигиеналық нормалар мен ережелеріне сәйкес болуына тікелей байланысты.

   Қазіргі уақытта Департамент өңірдегі білім беру ұйымдарында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша мектеп ғимараттарының жағдайына талдау жүргізді.

Бүгінгі күні облыстағы 646 мектеп ғимаратының 339-ы (52%) 1917-1979 жылдар аралығында қолданысқа берілген, ал 185 мектеп ғимараты 1979-1999 жылдар аралығында және 122 –сі соңғы 20 жыл ішінде салынған.

Мысалы,

Семей қаласындағы 66 білім ордасының 44 мектеп ғимаратының салынғанына 40 жылдан асқан, сыйымдылығы 400 оқушыны ғана қабылдауға жарайтын Н.Г. Чернышевский атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебінде бүгінде 844 бала білім алып жатыр. 1979 жылы салынған 940 орынды№ 15 жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратында 1240 бала отыр.

Өскемен қаласындағы (74 мектептің 37-сі қырық жылдан бұрын салынған) 1953 жылы салынған 244 орынды № 2 жалпы білім беру мектебінің ғимаратында 543 бала отыр, ал 1959 жылы салынған654 орынды № 7 орта мектебінің ғимаратында 1046 бала отыр.

Толығырақ...

Мұрағатталған құжаттарды сақтаудың маңызы

  Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ағымдағы жылдың 21 мамырында «Құжаттау және мұрағаттау» тақырыбында Мемлекеттік мұрағат өкілімен семинар өткізді. Департамент басшысы З. Махсутова құжаттау және мұрағаттау құжаттарымен жұмыс сапасын жақсарту қажеттілігі туралы айтты.

   Семинарға облыстық мұрағат директорының орынбасары Костина Елена Валерьевна шақырылып, ол мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды, сараптаманы, құжаттарды ресімдеу және құжаттық мұрағатты қалыптастыру тәртібін түсіндірді. Костина Е.В. 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын басшылыққа алу керектігін назарда ұстауға кеңес берді.

   Семинар барысында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинар аяқталғаннан кейін Департамент Мұрағат ісі бойынша одан әрі іс-қимыл жоспарын жасады.

 

Толығырақ...

Page 4 of 7

  • Start
  • Артқа
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • Алға
  • End

АКТУАЛЬНЫЕ РЕСУРСЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

https://primeminister.kz/kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі https://www.gov.kz/memleket/entities/edu               

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

https://www.gov.kz/memleket/entities/control?lang=kk

 

 

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің

Шығыс Қазақстан облысының

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" MM

070015, ШҚО, Өскемен қаласы, Қ.Сәтбаев даңғылы, 62. 6 қабат, 610 офис

Тел.: 8(7232)216538

e-mail:dokso_vko@mail.kz 

 

 

Техникалық қолдау: