«BALA QORGAU». «БАКЫТТЫ БАЛА»

  Балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясаттың басымды бағыты әр баланың құқықтарын қамтамасыз етуге және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

   Бүгінгі таңда Қазақстанда 45-тен астам ұлттық заңнамалық құжат бар, олар қоғамдағы баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

   Сіздер білетіндей Балалар мен ата-аналарға уақытылы көмек көрсету мәселелерінде білім беру органдары мен ұйымдары және министрлік арасындағы жедел әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау мақсатында Министрліктің Telegram мессенджерінде "BALA QORGAU" сұхбатының тәулік бойы кері байланысы бар жұмысы ұйымдастырылған.

   Ақпарат электронды және БАҚ баспа, әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Чатқа Министрліктің қызметкерлері, облыстық Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары мен мамандары, республиканың білім беру ұйымдарының басшылары қосылған. Сұхбат жұмысы – бұл мемлекеттік органдардың халықпен тұрақты жанды диалогы, онлайн режимінде құқықтық ақпарат беру.

   Чатта халықтың консультациясы жүзеге асырылады және балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мектепке, бала бақшаға қабылдау, қамқоршылық және қорғаншылық, буллинг жағдайында алдын алу және шара қолдану және педагогикалық этика нормаларын бұзу мәселелері қарастырылады.