«Қайырымдылық» акциясы шығысқа келді

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен баланың құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен және «Мейірімділік» қайырымдылық қорымен бірлесіп, катетерлер Spina Bifida диагнозы бар балаларға үнемі мұқтаж болып отырған еліміздің барлық аймақтарына жеткізілді.

   Катетерлер Шығыс Қазақстан облысына да жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті осы дәрі-дәрмекке мұқтаж балаларға катетерлерді жеткізді. 2020 жылғы 1-2 маусым аралығында басшының орынбасары Болат Қожанұлы Атыбай Өскемен қаласы мен Ұлан, Глубокое, Алтай аудандарындағы катетерлер алушыларға табыстады.

   Шығыс Қазақстан облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті катетерлерді Жарма ауданына және Семей қаласына жеткізу жұмысын жалғастыруда. Ата-аналар көрсетілген көмек үшін меценттарға алғысын айтып, ризашылық білдірді.

 

 

«BALA QORGAU». «БАКЫТТЫ БАЛА»

  Балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясаттың басымды бағыты әр баланың құқықтарын қамтамасыз етуге және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

   Бүгінгі таңда Қазақстанда 45-тен астам ұлттық заңнамалық құжат бар, олар қоғамдағы баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

   Сіздер білетіндей Балалар мен ата-аналарға уақытылы көмек көрсету мәселелерінде білім беру органдары мен ұйымдары және министрлік арасындағы жедел әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау мақсатында Министрліктің Telegram мессенджерінде "BALA QORGAU" сұхбатының тәулік бойы кері байланысы бар жұмысы ұйымдастырылған.

   Ақпарат электронды және БАҚ баспа, әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Чатқа Министрліктің қызметкерлері, облыстық Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары мен мамандары, республиканың білім беру ұйымдарының басшылары қосылған. Сұхбат жұмысы – бұл мемлекеттік органдардың халықпен тұрақты жанды диалогы, онлайн режимінде құқықтық ақпарат беру.

   Чатта халықтың консультациясы жүзеге асырылады және балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мектепке, бала бақшаға қабылдау, қамқоршылық және қорғаншылық, буллинг жағдайында алдын алу және шара қолдану және педагогикалық этика нормаларын бұзу мәселелері қарастырылады.

 

 

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

  Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес жазғы демалыс қарсаңында елімізде 2020 жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілетінін хабарлайды.

   Акция «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтеді.

   Бүгінгі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне тұрғындардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер қатерін білмеуімен сипатталады. Қазақстан Республикасының заңдарында бала еңбегіне шектеулер қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жазалау қарастырылған. Сондықтан да науқанды өткізудің негізгі мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

   Аталған науқан шеңберінде жастар ұйымдары, ата-ана қауымы, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, облыс өңірлерінде бала еңбегінің нашар нысандары туралы жұртшылықты хабардар ету жөнінде «Дөңгелек үстелдер» мен конференциялар, тақырыптық көрмелер, «Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтер және т.б. әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан балаларының мүдделерін қорғау үшін акция кезінде өтетін іс-шараларға қатысуға атсалысуларыңызды сұраймыз.