2020 жылдың 1 тоқсанында білім беру қызметін лицензиялау

  "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. Осы бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымша беруге тура келді.

   2020 жылдың 01 қаңтары мен 31 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне лицензиялау мәселелері бойынша 63 өтініш түсті, оның ішінде 53 (84,1%) өтініш мемлекеттік қызметке жатады.

   53 өтініштен:

- 42 - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан (лицензияның қосымшасын беруге - 32, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 10);

- 11 - орта білім беру ұйымдарынан (бас лицензия беруге – 4, 1 - қосымша беруге, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 6).

   53 өтініштен 29 (54,7%) – қанағаттандырылды, 24 (45,2%) - бас тартылды. Бас тартудың негізгі себептері ұсынылған құжаттардың толық болмауы, мемлекеттік баждың дұрыс төленбеген түбіртектері болып табылады.

   Есеп беріліп отырған мерзімде лицензиялау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші комиссияның 3 отырысы өткізілді. Лицензиялау мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.