2020 жылдың 2 тоқсанында білім туралы құжаттарға апостиль қою

  Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою» мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

   2020 жылдың 01 сәуір мен 30 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды апостильдеуге 49 өтініш түсті.

   Білім туралы 29 құжат апостильденген, оның ішінде: жоғары білім туралы – 5; кәсіптік-техникалық білім туралы – 0; жалпы орта білім туралы – 24. 20 – бас тартылды.

Бас тартылған себептері:

- Таңдалған елдер Гаага Конвенциясына кірмеуі;

- ұсынылған құжаттардың толық болмауы;

- мемлекеттік баждың дұрыс төленбеуі.

Келесі елдерге апостильденген құжаттар:

1. Италия-2;

2. Оңтүстік Корея -6;

3. Чехия -7;

4. . АҚШ – 2;

5. . Польша -4;

6. . Болгария – 1;

7. Словакия – 2;

8. . Түркия – 5;

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны жоқ, шағым түскен жоқ.