Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мына мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

 

1. "Білім беру қызметіне лицензия беру";

 

2. "Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою".

 

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 8/7232/ 21-65-38 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз

 

 

2020 жылдың 2 тоқсанында білім туралы құжаттарға апостиль қою

  Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою» мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

   2020 жылдың 01 сәуір мен 30 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды апостильдеуге 49 өтініш түсті.

   Білім туралы 29 құжат апостильденген, оның ішінде: жоғары білім туралы – 5; кәсіптік-техникалық білім туралы – 0; жалпы орта білім туралы – 24. 20 – бас тартылды.

Бас тартылған себептері:

- Таңдалған елдер Гаага Конвенциясына кірмеуі;

- ұсынылған құжаттардың толық болмауы;

- мемлекеттік баждың дұрыс төленбеуі.

Келесі елдерге апостильденген құжаттар:

1. Италия-2;

2. Оңтүстік Корея -6;

3. Чехия -7;

4. . АҚШ – 2;

5. . Польша -4;

6. . Болгария – 1;

7. Словакия – 2;

8. . Түркия – 5;

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны жоқ, шағым түскен жоқ.

2020 жылдың 1 тоқсанында білім беру қызметін лицензиялау

  "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. Осы бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымша беруге тура келді.

   2020 жылдың 01 қаңтары мен 31 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне лицензиялау мәселелері бойынша 63 өтініш түсті, оның ішінде 53 (84,1%) өтініш мемлекеттік қызметке жатады.

   53 өтініштен:

- 42 - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан (лицензияның қосымшасын беруге - 32, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 10);

- 11 - орта білім беру ұйымдарынан (бас лицензия беруге – 4, 1 - қосымша беруге, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 6).

   53 өтініштен 29 (54,7%) – қанағаттандырылды, 24 (45,2%) - бас тартылды. Бас тартудың негізгі себептері ұсынылған құжаттардың толық болмауы, мемлекеттік баждың дұрыс төленбеген түбіртектері болып табылады.

   Есеп беріліп отырған мерзімде лицензиялау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші комиссияның 3 отырысы өткізілді. Лицензиялау мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.

2020 жылдың 2 тоқсанында білім беру қызметін лицензиялау

  "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. Осы бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымша беруге тура келді.

   2020 жылдың 01 сәуір мен 30 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне лицензиялау мәселелері бойынша 15 өтініш түсті, оның ішінде 7 (46,6%) өтініш мемлекеттік қызметке жатады.

   7 өтініштен:

- 2 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан (лицензияның қосымшасын беруге - 0, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 2);

- 5 жалпы орта білім беру ұйымдарынан (бас лицензия беруге – 1, қосымша беруге-0, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 4).

7 өтініштен 5 (71,4%) – қанағаттандырылды, 2 (28,5%) - бас тартылды.

   Бас тартудың негізгі себептері ұсынылған құжаттардың толық болмауы, мемлекеттік баждың дұрыс төленбеген түбіртектері болып табылады. Есеп беріліп отырған мерзімде лицензиялау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші комиссияның 1 отырысы өткізілді.

   Лицензиялау мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.

2020 жылдың 1 тоқсанында білім туралы құжаттарға апостиль қою

  «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою» мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 2020 жылдың 01 қаңтары мен 31 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды апостильдеуге 62 өтініш түсті. Білім туралы 52 құжат апостильденген, оның ішінде: жоғары білім туралы – 27; кәсіптік-техникалық білім туралы – 4; жалпы орта білім туралы – 21. 10 – бас тартылды. Бас тартылған себептері: - Таңдалған елдер Гаага Конвенциясына кірмеуі; - ұсынылған құжаттардың толық болмауы; - мемлекеттік баждың дұрыс төленбеуі.

 

Месяц

Итого Апостилировано Отказано
ПЭП ЦОН ПЭП ЦОН
1 Январь 24 0 19 2 3
2 Февраль 12 0 9 0 3
3 Март 26 0 24 1 1
  ИТОГО 62 0 52 3 7

 

Құжаттарға келесі елдерден келіп түсті:

1. Оңтүстік Корея -12;

2. Чехия -8;

3. АҚШ – 10;

4. Польша -3;

5. Испания – 1;

6. Германия – 10;

7. Түркия – 3;

8. Италия – 3;

9. Австрия - 2

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны жоқ, шағым түскен жоқ.