2020 жылдың 1 тоқсанындағы мектептердегі бару арқылы профилактикалық бақылаулар

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 528 бұйрығымен 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының 10 мектебінің тізімі бекітілді.

   Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 8 мектеп бару арқылы профилактикалық бақылаумен қамтылды, оның 5-інде бұзушылықтар анықталды. Барлығы 11 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 7 - өрескел, 1 - елеулі, 3 - болмашы. Барлық 5 мектепте педагогикалық кадрлар жетіспейді, атап айтқанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәрбиешілері, информатика, ағылшын тілі және музыка, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша мамандар жетіспейді.

   ШҚО Бесқарағай ауданының «Үлкен Влалимировка орта мектебі» КММ, «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Болганбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» КММ, ШҚО Бесқарағай ауданының «Борас орта мектеп-бақша» КММ-де бейініне сәйкес емес педагог мұғалімдер жұмыс істейді.

   Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы» КММ-де жұмыс оқу жоспарында бұзушылықтар бар (Мемлекеттік білім беру стандарттарын орындамау).

   3 мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының бұзылуы орын алды.

   Бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсанында барлық бес білім беру ұйымдарына нұсқамалар берілді.

   Үш мектепте бұзушылықтар анықталған жоқ. Олар: Семей қаласының «Н.Г.Чернышевский атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Ұлан ауданының «Бозанбай орта мектебі» КММ, Үржар ауданының «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ. Жоғарыда аталған мектептердің қызметі мемлекеттік бақылау саласындағы бақылау парақтарында көрсетілген субъективті критерийлерге сәйкес бұзушылықсыз жүзеге асырылады.