Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалы

   Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының                    3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтары нысандарының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-18-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтықоргандарының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдасын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г.І. Көбеновағажүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                     А. Аймағамбетов

Толығырақ...

2020 жылдың 1 тоқсанындағы мектептердегі бару арқылы профилактикалық бақылаулар

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 528 бұйрығымен 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының 10 мектебінің тізімі бекітілді.

   Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 8 мектеп бару арқылы профилактикалық бақылаумен қамтылды, оның 5-інде бұзушылықтар анықталды. Барлығы 11 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 7 - өрескел, 1 - елеулі, 3 - болмашы. Барлық 5 мектепте педагогикалық кадрлар жетіспейді, атап айтқанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәрбиешілері, информатика, ағылшын тілі және музыка, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша мамандар жетіспейді.

   ШҚО Бесқарағай ауданының «Үлкен Влалимировка орта мектебі» КММ, «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Болганбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» КММ, ШҚО Бесқарағай ауданының «Борас орта мектеп-бақша» КММ-де бейініне сәйкес емес педагог мұғалімдер жұмыс істейді.

Толығырақ...