Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент), 070019, ШҚО Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылы 62, 6- қабат, 610 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан, анықтама үшін телефондар: 8 7232 216538, e-mail: dоThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  , «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108305,64 теңгеден 146177,22 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері:нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттарды дайындау және пысықтау; сараптамалық ақпарат пен есептерді дайындау; - жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу; - білім беру ұйымдары бойынша есептерді жасау; - білім беру ұйымдарының өзін-өзі аттестаттау материалдарын талдау; - білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттау бойынша материалдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне талдау жүргізу; - департаменттің жоспарларын дайындауға қатысады және оның қызметі бойынша есеп дайындайды; - білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, тексеру жүргізу бойынша төраға ретінде комиссия жұмысына қатысу; - департамент жүргізген мемлекеттік аттестаттау және тексеру қорытындылары бойынша бұйрықтар мен қаулы жобаларын дайындауға қатысу; - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру; - әкімшілік істерді дайындайды және сотқа жібереді; - сот процестеріне қатысады; - білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне білім беру саласындағы ҚР заңнамасын қолдану мәселелері бойынша кеңес береді, негізгі міндеттер бойынша міндеттердің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;- өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асырады;- білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды өтініш берушінің сақтауын тексеруді жүзеге асырады;- Өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде анықталған Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру; - мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, балалар үйлері жанындағы қамқоршылық кеңестердің отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу; - білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; - білім беру ұйымдарының білім беру процесін құруына әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз беру; - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; - оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; - заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексеру жүргізу жоспарын әзірлеуге қатысу; - департамент тағайындайтын тексерулерді тіркеу, ақпараттық-есепке алу құжаттарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына жолдау.

Біліктілік талаптары: «Құқық» немесе «Білім» мамандықтарының топтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кандидаттарда мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы, электрондық пошта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

3) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

4) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

  Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-де осы конкурс бойынша оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылы 62, 6- қабат, 610 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8(7232) 21-65-38, e-mail: dоThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .