logo

   

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

     Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің

     Шығыс Қазақстан облысының

    Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  

  • Қазақша
  • Русский
  • Жаңалықтар
  • Департамент туралы
    • Ережесі
    • Жұмыс жоспары
    • Басшылық
    • Құрамы
  • Басшының блогы
  • НҚА
  • Мем.қызметтер
  • Мем.Бақылау
  • Құқықтарын қорғау
  • Бос орындар

Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган құрылды

    Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және педагогтік әдеп ережелерін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің базасында 2021жылғы 14 қаңтардағы №3 бұйрық негізінде Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі ККО) құрылды.

   ККО құрамына Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы және орынбасары, қалалық мәслихат депутаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары, «Шығыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің локалды кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, ШҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, «NUR OTAN» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Білім» бағыты бойынша партиялық қамқорлық комиссиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, «Қазақстан» облыстық телерадиокомпаниясы» АҚ-ның ШҚОФ қазақ редакциясының шеф-редакторы, «Шығыс Қазақстан облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігінің атқарушы директоры енді.

   ККО-ның негізгі міндеттері «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының және педагогикалық әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету, педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу профилактикасына бағытталған ұсынымдар әзірлеу, қоғамдағы педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі ККО кеңесінің үш отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында ККО құрамы, Ережесі және Жұмыс жоспары қабылданып және «МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ» Қоғамдық бірлестігінің Тарбағатай, Күршім және Глубокий аудандарының білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес құрамына ұсынылған үміткерлерді енгізу жөніндегі ұсыныстары қарастырылды.

Құрметті шығыс қазақстандықтар! Қадірлі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!

 

   Тарихы тереңде жатқан Ұлы даланың егеменді ел болып, көк Туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан, еркіндіктің бастауы – Тәуелсіздік мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

 

   Осы салтанатты күні сіздерге бақ-дәулет, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.

 

   Сүйікті Отанымыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

 

   Қадамы батыл, қарышты дамыған Мәңгілік еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

 

Құрметпен, Департаментінің басшысы З. Мақсұтова

Гаага Конвенциясының мәселелері бойынша Халықаралық семинар

  2020 жылғы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Зиябекұлы Қамбетов ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бейнеконференция форматында өткізген «1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция шеңберінде заңсыз көшірілген балаларды қайтару жөніндегі шараларды іске асыру» атты Халықаралық семинарына қатысты. Іс – шара өтіп бара жатқан жылдың айтулы күні-1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага Конвенциясының қабылданғанына 40 жыл толуына орайластырылған.

   Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен балалардың ерекше қамқорлық пен көмек алуға құқығы анықталған. «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біздің елімізде орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан балаларды заңсыз алып өтудің, ұрлаудың, олармен сауда жасауды алдын алу және жол бермеу, сондай-ақ оларды тұрақты еліне қайтару бойынша шаралар қабылдануда Қазақстан отбасылық қатынастарды реттейтін бірқатар халықаралық келісімдердің, атап айтқанда, 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады. Конвенцияның мақсаты-, балаларға халықаралық ауқымда оларды заңсыз алып өтудің немесе күштеп ұстап алудың зиянды салдарынан қорғауды және олар тұрақты тұратын мемлекетке олардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сөйлесу құқығын қорғауды қамтамасыз ету Баланы қайтару және оған қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру процесі уәкілетті орган – ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және сот арқылы іске асырылады.

Толығырақ...

Педагог қызметкерлерді тестілеу

  Облыста "Ustudy"ЖШС өңірлік орталықтарының базасында Ұлттық тестілеу орталығының бағдарламалық қамтамасыз етуін электрондық форматта пайдалана отырып, ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – ҰБТ) өтуде. Тестілеу мектепке дейін, жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін жүргізіледі.

   ҰБТ ү.ж. 21-ші желтоқсанға дейін 2,5 мыңнан астам педагогтер үшін жүргізілетін болады.

   ҰБТ санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес және қашықтықтан және де бетперде режимін сақтай отырып жүргізіледі.

   Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда педагогтер апелляцияға бере алады.

   Бұзушылықтармен анықталған педагогтер (ұялы телефондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту) аудиториядан шығарылады, нәтижелерді уәкілетті орган жояды.

   ҰБТ өткізу кезінде облыстың білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бақылаушы ретінде қатысады.

Ақпараттық қауіпсіздік

  2020 жылғы 03 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы Р.Қайсабаевтың қатысуымен бейнебайланысконференция арқылы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинарына қатысты. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лицензияланған бағдарламалық өнімдер қажет, дербес компьютерлерде электрондық-цифрлық қолтаңбаларды сақтамаған жөн, вирусқа қарсы бағдарламаларды тұрақты негізде жаңартып отыру қажет және т. б.

   Баяндамашыға ақпараттық қауіпсіздікке қатысты, оның ішінде шетелдік электрондық поштаны пайдалану (mail.ru, gmail.com және т.б.) туралы сұрақтар қойылды.

   Семинар барысында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұсыныстар берілді.

Толығырақ...

Сапалы инклюзивті білім беру бойынша мониторингінің қорытындысы

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (әрі қарай - Департамент) облыстық орта мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқитын білім беру мекемелерінің қажетті жабдықтармен қамтылуы (әрі қарай – ЕБҚ) және осы санаттағы оқушылармен жұмыс жасайтын педагогтерге жағдай жасау мәселесі бойынша мониторинг жүргізді.

   Мониторинг нәтижесі бойынша облыста 469 (72,6%) мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқитыны анықталды.

1. Барлығы облыс бойынша ЕБҚ бар балалармен 10950 жалпы білім беру пәндерінің педагогтері жұмыс жасайды. Олардың 8526 (77,8%) біліктілікті жоғарылату курстарынан өтпеген.

2. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде 7537 (68.8%) педагог үстемақы алмайды.

3. 432 (92%) мектепте арнайы оқу-әдістемелік әдебиеттер жоқ.

4. 327 (69,7%) мектепте педагог-психолог, арнайы педагог, әлеуметтік педагогтерде арнайы жабдықталған кабинеттер жоқ.

5. Аягөз және Көкпекті аудандарында үй жағдайында оқитын балалардың компьютерлері ескірген.

6. Алтай ауданында үйден оқитын 4 оқушы компьютерлермен қамтылмаған.

Департамент жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкіміне хат жолдады.

Құрметті шығыс қазақстандықтар!

 

   Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

 

   Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Елбасының бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды.

 

   Біздің мемлекетіміз қоғамдық-саяси өмірдегі терең өзгерістерімен әлемдік қауымдастықтың мойындауына ие болды және лайықты орын алды.

 

   ВБаршыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

 

Құрметпен, Департамент басшысы Зейнеп Мақсұтова

Page 1 of 7

  • Start
  • Артқа
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • Алға
  • End

АКТУАЛЬНЫЕ РЕСУРСЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

https://primeminister.kz/kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі https://www.gov.kz/memleket/entities/edu               

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

https://www.gov.kz/memleket/entities/control?lang=kk

 

 

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің

Шығыс Қазақстан облысының

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" MM

070015, ШҚО, Өскемен қаласы, Қ.Сәтбаев даңғылы, 62. 6 қабат, 610 офис

Тел.: 8(7232)216538

e-mail:dokso_vko@mail.kz 

 

 

Техникалық қолдау: